National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңес мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады

2020 жылғы 12 қыркүйек

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы ықпалдастықты, COVID-19 індетінің таралуын болдырмау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру мәселелерін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев тығыз саяси диалогқа және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген қазақ-қытай қатынастарының даму қарқыны мен достық байланыстарды жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы экономиканың түрлі салаларындағы инвестициялық жобаларды,  соның ішінде, ауыл шаруашылығы бағытындағы жобаларды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. «Қазақстандық өнім өндірушілердің ауыл шаруашылығы бойынша Қытайға экспорттайтын өнімдерінің, атап айтқанда дәнді және майлы дақылдардың номенклатурасы үлкен».

Президент жан-жақты стратегиялық серіктестікке қосымша серпін беру мақсатымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстанға сапармен келуге шақырғанын нақтылады.

Ван И өз кезегінде Қытай басшысының жылы лебізі мен ауызша сәлемдемесін жеткізді. Си Цзиньпиннің айтуынша: «Қазақстан - аймақтағы маңызды стратегиялық серіктес және Қытай екі ел халықтарының игілігі жолында өзара ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға әзір».

Қытай дипломаты «ҚХР басшылығы ҚР Президенті жариялаған Қазақстан қоғамының қажеттіліктерін ескере отырып, саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуларға бағытталған реформаларды құптайды» деді.

Сонымен қатар Ван И ҚХР-дің екіжақты күн тәртібінің маңызды бөлігі болып табылатын Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге зор көңіл бөлетінін атап өтті. Осы орайда Ван И Қазақстан делегациясын Қытайда өтетін ЭКСПО Халықаралық импорт көрмесіне қатысуға шақырды.

Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық өзекті мәселелер бойынша, атап айтқанда, коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық жөнінде де пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қытай тарапына уақытылы көрсетілген гуманитарлық және медициналық көмек үшін алғыс білдіріп, пандемияға қарсы күресте бірлескен шара қолдануға әзір екенін айтты.

Кездесу соңында тараптар ұзақ мерзімді жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің