National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады

2019 жылғы 01 шілде

Мемлекет басшысына темір жол көлігі саласының қазіргі даму жағдайы және келешегі туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру, экспорт және транзит тасымалдарын ұлғайту, көлік қызметінің сапасын жақсарту қажеттігіне назар аударды.

Сауат Мыңбаев Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезінде жолаушылар мен жүк тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі қабылданған шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы контейнерлік тасымалдар саласындағы жағдай, жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар, операциялық іркілістерді азайту туралы мәлімет берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 20 мамыр

Мемлекет басшысы «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді

2024 жылғы 21 мамыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді

Жарлық

2024 жылғы 17 мамыр

Н.И. Қилыбайды тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің