Жаңалықтар

26 маусым 2015
Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Евгений Примаковтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Көңіл айту жеделхатында Е.Примаковтың қайтыс болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының күйзеле қабылдағаны атап өтілген.

«Евгений Максимович мемлекеттік және саяси қайраткер, Ресей қоғамы мен халықаралық деңгейде зор беделге ие ғалым болатын. Ол өзінің бітімгерлік қызметімен көптеген елдерде шынайы құрметке бөленді», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Е.Примаковтың барша туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар