National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысы тұрғындарының хаты

2015 жылғы 10 қараша

 

Қазақстан Президентінің атына жаңа үйге қоныстанған азаматтардан алғысқа толы хаттар келіп түсті.

Авторлар өздеріне ең бір қиын сәттерде көрсетілген көмектің маңыздылығын атап өткен.

«Сол кезде, осыдан алты ай бұрын, біздің көпшілігіміз шын мәнінде баспанасыз қалдық. Жылдар бойы жинағанымызды, тірнектеп жүріп салған үй-жайымызды әп-сәтте лай басып, мүлде жарамсыз болып қалды. Көпшілігіміздің қолымызда шиеттей бала-шаға, қарттар бар еді», – делінген хатта.

Тұрғындар осындай жағдайда Мемлекет басшысы өздерін назарынан тыс қалдырмай, қол ұшын созғанын атап өткен.

«Біз ақшалай өтемақы алдық. Баспанасыз қалғандарды жатақханаларға, жалдамалы пәтерлерге орналастырды. Еліміздің барлық тарапынан жедел көмек ретінде дәрі-дәрмек, жылы киім, азық-түлік келе бастады. Сосын әкімдік қызметкерлері келіп, Сіздің тапсырмаңызбен біз үшін жаңа үйлер салынатынын айтқанда, жүрегімізді зор қуаныш кернеді», – деп жазады. авторлар.

Сонымен қатар олар орындауға бөлінген мерзімнің қысқа болуы себепті тапсырманы жүзеге асыру мәселесіне қатысты алаңдағандарын да айтқан.

«Бірақ бүгін, бұрынғымыздан әлдеқайда жақсы, жаңа, жылы әрі жайлы үйде отырып, алдағы суықта қайтеміз деген қорқыныштан арылған кезде алаңдаушылығымыз бекер болғанын түсіндік. Тағдырымызға Өзіңіз тікелей араласқан кезде күмәндануымыз негізсіз еді. Сіз өзіңіз үшін азаматтардың аман-саулығынан асқан маңызды міндет жоқ екенін тағы да дәлелдедіңіз», – делінген хатта.

***

Қарағанды облысы биыл көктемгі тасқын судан ең көп зардап шеккен өңірдің бірі болды. Табиғи апат салдарынан 449 үй тұруға жарамсыз деп танылып, 2017 отбасы зардап шекті. Облыста Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында оларға көмек көрсету жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, өтемақылар уақтылы төленді, ал 5 мамырда жаңа үйлер құрылысы басталды. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің