National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға және Алматы облысына жұмыс сапары аясында «Астана Моторс» Қазақстан мотор компаниясы Hyundai Auto Trans автоқұрастыру кәсіпорнында болды

2012 жылғы 23 тамыз

Қазақстан Президентіне Hyundai салмағы аз жүк таситын көлігін құрастыруға мамандандырылған автоқұрастыру кәсіпорны таныстырылды. Бұл жоба Қазақстан Президентінің 2010 жылы сәуірде Оңтүстік Кореяға ресми сапары кезінде қол жеткізілген келісімнің арқасында жүзеге асты. Сол кезде  «Астана Моторс» ҚМК ірі торапты жүк автомобильдері мен автобустарды құрастыру жөнінде «Hyundai Motor Co» компаниясымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба экономиканы шикізаттық бағыттан өндіріске бағыттаудағы Қазақстанның машина жасау саласының келешегі бар бағытының бірін дамытуға зор үлес қосуда. Жобаға тартылған инвестиция 1 миллиард теңгеден астам.

«Астана Моторс» ҚМК президенті Нұрлан Смағұлов Мемлекет басшысына компанияның жоспарына сәйкес, 2012 жылы 1000-нан астам автомобиль шығарылатынын, оның 400-ден астамы Беларусь Республикасына, Ресей Федерациясына және Орталық Азия елдеріне экспортталатынын баяндады. 2012 жылғы тамыз айында зауыт 19-дан бастап, 28-ге дейін отыратын орындығы бар Hyundai County жолаушылар автобустарының сериялық өндірісіне кіріседі. Осы орайда, өндірістегі қазақстандық үлес 30 пайызға ұлғаяды. Автоқұрастыру зауыты тұрақты дамып келеді және 2013 жылға қарай жүк көтерімі 10 тонна және одан жоғары ірі тонналы техника өндірісін игеретін болады.

- Біздің жаңа астана салатынымызға көп адам сенген жоқ, ал біз оны қысқа мерзімде тұрғыздық. Сондай-ақ біздің автомобиль құрастыратынымызға сенгендер аз болды, ал біз енді тек автомобиль ғана емес, ұшақтарды да құрастыруға кірістік, - деді Н. Назарбаев кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімесінде.

Президент кәсіпорында құрастырылған алғашқы Hyundai Auto Trans автобусына өз қолтаңбасын қалдырды.   

    


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің