National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Президент «Менің елім. Каспийден Алтайға дейін» этнографиялық авто-экспедициясының сапарға аттану рәсіміне қатысты

2014 жылғы 01 қазан

 

Мемлекет басшысы Ақтау қаласының жағалауында экспедицияға қатысушылармен кездесті. Олар жобаның мақсаты мен өңірлер арасындағы мәдени алмасуға үлес қоссақ деген өздерінің ұмтылыстары туралы әңгімеледі.

Нұрсұлтан Назарбаев патриотизмді нығайтуда және елдің туристік әлеуетін дамытуда осындай бастамалардың маңызды екендігін атай отырып, экспедицияға қатысушыларға сәттілік тіледі.  

Кездесуге сондай-ақ өңір жастарының өкілдері,  соның ішінде Маңғыстау облысынан шыққан «Болашақ» стипендиясының түлектері, Назарбаев Университетінің тыңдаушылары, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар, жастар бірлестіктерінің көшбасшылары, этно-мәдени орталықтардың өкілдері, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары, мәдениет пен ғылымдағы жас қызметкерлер қатысты.

Әңгіме барысында олар өздерінің жетістіктерін ортаға салды және жастардың бастамаларын дамытуға көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау үшін алғыстарын білдірді. 

«Менің елім. Каспийден Алтайға дейін» экспедициясы Қазақстан жастарын еліміздің сұлулығы мен өзіндік ерекшелігі туралы ортақ идеяға біріктіруге бағытталған. Оның құрамында этнограф, блогшы, журналистер мен фотографтардан құралған 20 адам бар.

Қазақстанда құрастырылған бес автомобильге мінген олар екі ай бойында республиканы аралап шығады. Оған қатысушылар экспедиция аяқталған соң фильм жасап, фотокітап шығарады. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің