Жаңалықтар

15 қыркүйек 2010
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 10-Саммиті аясында Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен кездесті.
01

Кездесу барысында мемлекет басшылары Саммиттің күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде және жан-жақты ынтымақтастық жайында сөз қозғады.

Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Тайип Ердоғанмен, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиевпен, Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаевамен кездесті. Кездесуде экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ертең Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Саммит жұмысына қатысады.    


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар