National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Патшайымы II Елизаветамен кездесті

2015 жылғы 04 қараша

 

Елбасы кездесу барысында Патшайымға Біріккен Корольдікке сапарының қорытындылары туралы әңгімелей отырып, екі жақтың арасында көптеген келісімдердің жасалғанын ризашылықпен атап өтті. Қазақстан Президенті еліміздің сыртқы саясатында британдық вектордың маңызы жоғары екенін, оған елдеріміздің арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар ғана емес, іскер топтардың, академиялық қоғамдастықтардың, сондай-ақ екі мемлекет ведомстволарының арасындағы мықты серіктестік байланыстар да айғақ болатынын айтты.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі реформаларға және осы үдерісте британдық капиталдың атқара алатын рөліне тоқталды.

ІІ Елизавета патшайым да өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Лондонға ресми сапарының қорытындыларына жоғары баға беріп, оның нәтижелері екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Біріккен Корольдік халықтарының өркендеуіне қызмет ететініне сенім білдірді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 20 мамыр

Мемлекет басшысы «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді

2024 жылғы 21 мамыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді

Жарлық

2024 жылғы 17 мамыр

Н.И. Қилыбайды тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің