Жаңалықтар

6 қараша 2015
Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Боковамен кездесті
Франция, Париж қаласы

 

Кездесу барысында мәдени және тарихи мұраларды сақтау ісінде, білім және ғылым саласында халықаралық байланыстар аясын кеңейтудегі Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның өзара ықпалдастығы мәселелері талқыланды.  

Елбасы Қазақстанның ЮНЕСКО-ны қолдайтынын және белсене ынтымақтасып келе жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев И.Бокованың 2012 жылы Астанаға сапары аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуының маңыздылығын атап өтті.

ЮНЕСКО-мен біздің арамызда жақсы қарым-қатынас орныққан. «Адамзаттың ар-ұжданы» аталған бұл ұйым дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды қорғайды. Қазақстан мәдениетінің көптеген айшықты даталары ЮНЕСКО-да атап өтілді, – деді Қазақстан Президенті.

И.Бокова өз сөзінде Қазақстан ЮНЕСКО-ның ең белсенді әрі ілкімді серіктесі болып саналатынын, соған байланысты ұйымның 70 жылдығында оның Бас конференциясының Нұрсұлтан Назарбаевсыз өтуін елестету мүмкін еместігіне назар аударды.

ЮНЕСКО Бас директоры Қазақстанның мәдениеттерді жақындастыруға байланысты ұсынған бастамалары мен жобаларының әлемдегі келісімді нығайту ісінде зор маңызы бар екенін де атап өтті. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар