Жаңалықтар

10 қараша 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы Григорий Марченконы қабылдады.

Г.Марченко Президентке елдің қаржы саласындағы, атап айтқанда, валюталық рыноктың ағымдағы жағдайы туралы баяндады.

- Жылдың басынан бері алмастыру бағамы өте тұрақты болды, сондықтан біз соңғы бірнеше айда ешқандай интервенция жасаған жоқпыз. Ұлттық Банкінің алтын валюталық қорының активтері өсті, Ұлттық қордың валюталық активтері қазіргі уақытта 30 миллиард доллардан асады, - деді Ұлттық Банкі Төрағасы.

Сондай-ақ кездесу барысында Г.Марченко Мемлекет басшысына банкнот фабрикасында жаңа жоғары технологиялық өндіріс – бағалы қағаздар цехы іске қосылатынын мәлімдеді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар