National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакаламен кездесті

2022 жылғы 14 шілде

Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакаламен бейнебайланыс режимінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы серіктестіктің өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі Еуропа Одағымен көпжақты ықпалдастықты дамытуға мүдделі екенін нақтылап, екіжақты стратегиялық ынтымақтастыққа тың серпін беруге дайын екенін жеткізді.

Қазақстан Президенті жуырда өткен конституциялық референдум мен Жаңа, Әділетті Қазақстанды құруға қатысты реформалар туралы айтты.

Өз кезегінде Тери Хакала Президентті референдумның сәтті өтуімен құттықтап, Брюссельдің Орталық Азия аймағындағы жетекші серіктесі Қазақстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен ықпалдастықты жалғастыруға Еуропа Одағының бейілді екенін нақтылады.

Сонымен қатар ол Еуропа Одағы Мемлекет басшысының реформалар  жүргізу бағдарламасына жан-жақты қолдау көрсететінін, Қазақстанның көпвекторлы және теңгерімді сыртқы саясатын жоғары бағалайтынын мәлімдеді.

Еуропа Одағы Қазақстанмен көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға зор қызығушылық танытты.

Бұдан бөлек олар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде жан-жақты пікір алмасты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің