Сөйлеген сөздер мәтіндері

1 шілде 2012
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Б. Саудабаевтың республикалық педагогикалық форумда сөйлеген сөзі.25.08.2011ж.

Құрметті ұстаздар!

Ханымдар мен мырзалар!

Ең алдымен Сіздерге, Сіздер арқылы Қазақстанның барлық ұстаздар қауымына Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шын ықыласты сәлемі мен құттықтауын жеткізуді өзіме парыз санаймын.

Заңғар қаламгеріміз Мұхтар Әуезовтің «Ұстаздық – ұлы нәрсе» деген сөзі әрқашан Сіздердің еңбектеріңізге берілер әділ де үздік баға болып қала береді. Өйткені, ұстаздар, мұғалімдер қай кезеңде де жас ұрпақты жақсылық пен ізгілікке тәрбиелейтін тұлғалар. Отанымыздың адал да абзал азаматтарын, шынайы патриоттарын тәрбиелейтін қауым. Сондықтан да ұстаз еңбегі игілікті еңбек, иманды еңбек.

Тәуелсіз еліміздің бүгіні мен ертеңіне қызмет жасайтын, бүгінгі аға ұрпақ бастаған ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын, еліміздің дамуы мен өркендеуіне өзіндік қолтаңбаларын салатын жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызы мен мәні өте жоғары, өте жауапты. Сіздердің жас ұрпақты тәрбиелеу саласындағы қолдарыңыз қуатты, жүректеріңіз шуақты болсын!

Тұңғыш Президентіміз негізін қалап, алдағы мақсаты мен мұратын белгілеп берген өміршең тәуелсіз мемлекетіміздің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруда, еліміздің одан арғы экономикалық-әлеуметтік, рухани-мәдени дамуын жалғастыруда ұстаздар қауымы атқарар міндет пен парыз ұшан-теңіз. Елшіл, мемлекетшіл тұлғаларды тәрбиелеп, қалыптастырудағы мұғалім қауымның алдында тұрған міндетті ойдағыдай орындау үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы әрқашан барлық мүмкіндікті жасап келеді. Оны бүгінгі өмірден Сіздер көріп, куә болып жүрсіздер.

Осы орайда бүгінгі осынау маңызды бас қосудың - Бірінші педагогикалық форумның Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында жаңа Елордамызда өтуінің өзіндік нышандық мәні бар. Бұл тұрғыдан келгенде күллі ұстаздар қауымы бүгін Астанаға келіп отыр деуге болады. Демек бүгінгі форумның салтанаты да, мархабаты да бөлек.

20 жылдық кезең тарихи тұрғыдан алып қарағанда, қас-қағым сәт деуге болады.

Ал осы тарихи қас-қағымдық мезгілде Елбасымыз – Тұңғыш Президентіміздің кемеңгер басшылығының нәтижесінде тәуелсіз Қазақстанда ауқымды істер атқарылды: біріншіден, халқымыздың береке-бірлігі мен ынтымағы нағая түсті, экономикамыз тұрақты түрде дамып, бірнеше кезеңдік қаржылық дағдарыстарға төтеп берді, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейі шарықтап өсті, рухани-мәдени, ғылыми-біліми салаларда әлемдік өркениетке олжа саларлық табыстарға ие болдық.

Әлемде ядролық қару-жарақсыз бейбіт өмір сүру идеясын ұстанған Елбасымыз Қазақстанның өз еркімен ядролық қару-жарақтан бас тартуы туралы көреген де батыл шешім қабылдап, жарты ғасыр бойы апат аймағы болып келген Семей ядролық сынақ  алаңын өз Жарлығымен жапты.

Біз осынау жылдарда әлемнің ең беделді әрі белгілі халықаралық ұйымдарына мүше болдық.

Кешегі кеңестік республикалар, күллі мұсылман мемлекеттері және азиялық елдердің арасынан бірінші болып дүние жүзіне белгілі беделді ұйым – Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық жасадық, өткен жылы 11 жылдық үзілістен кейін елордамызда Елбасымыздың бастамасымен және Төрағалығымен ұйымның Саммитін өткізіп, мұнда тарихи Астана Декларациясы қабылданды.

Тұңғыш Президентіміздің көреген де кемел саясатын халқымыз терең түсініп, қолдап, аймақта да, жаһандық масштабта да елімізді тек абыройлы биіктен көрсетіп келеді.

Осынау игі де ізгі іс-шаралардың бәрінде дерлік ұстаздар қауымының қолтаңбасы бар.

Нұрсұлтан Әбішұлының білім саласына, соның ішінде мектепке жасап келе жатқан ұдайы қамқорлығын әртүрлі атаулардағы арнайы бағдарламалардан Сіздер жақсы білесіздер. Тәуелсіздіктің алдыңғы ауыр жылдарында да мектеп мемлекет қамқорлығынан тыс қалған жоқ. Бұл салаға жыл сайын бөлініп келе жатқан қаржының көлемі де өскен үстіне өсіп келеді. Мұғалімдердің әл-ауқаты мен тұрмысын жақсартуда жасалып жатқан қамқорлықтар мен көмектер ешқашан толастамайды.

Ал Сіздер бұған жас ұрпақты жақсылыққа, ізгілікке, отаншылдыққа, елшілдікке тәрбиелеуде ең жоғары көрсеткіштермен жауап береді деген сенім зор. Өйткені, ұстаз – мектеп жүрегі, мектеп білім – жүрегі, білім - өсіп-өркендеудің кепілі. Біз Сіздерге ең қымбатымызды – болашақтың баянды негізін қалайтын ұрпағымызды сеніп тапсырып отырмыз. Сол сенім биігінен Сіздерді көре береміз деп сенеміз.

Уважаемые педагоги, учителя,   наставники!

Ваш сегодняшний форум, который проходит накануне 20-летия независимости Казахстана является еще одной яркой демонстрацией места, роли и авторитета учителя в нашей стране.

Все мысли и созидательная деятельность Президента за годы независимости пронизаны заботой о наших юных соотечественниках, о тех кому предстоит вести Казахстан дальше по пути мира и согласия, благополучия и процветания.

Именно поэтому Глава нашего государства с первых дней независимости уделяет огромное внимание отечественному образованию, последовательной и всевозрастающей поддержке подрастающего поколения, воспитанию истинных патриотов суверенного Казахстана.

В авангарде этого многотрудного, ответственного и благородного процесса находятся педагоги, наставники. Данью особого уважения  и высокой оценкой вашего благородного труда  Главой государства стало присуждение первого в стране звания Героя Труда Казахстана вашему коллеге –настоящему учителю с большой буквы Аягуль Миразовой. Эту высокую награду по праву с ней разделяет весь педагогический корпус Казахстана.

Предметом особой заботы и внимания  со стороны Главы государства является создание современной материально-технической базы и качественное повышение уровня отечественного  образования.

Только за последние 10 лет финансирование этой сферы  возросло более семи  раз.          При этом растут не просто абсолютные цифры, а реальная доля образования в ВВП.

За последнее десятилетие  благодаря поддержке Президента построено более 700 школ, которые оснащены самым современным оборудованием. В школах активно внедряются компьютерные и интерактивные системы. Успешно реализуется Президентский проект «Триединство языков», конечной целью которого является использование трех языков: казахского языка – как государственного, русского языка – как «языка межнационального общения», и английского языка – как «языка успешной интеграции в глобальную экономику».

Для повышения конкурентоспособности нашего образования  по инициативе Главы государства создается сеть  специальных школ  для особо одаренных детей «Дарын» и Интеллектуальных школ Президента.

В Астане открылся и успешно функционирует отвечающий самым высоким международным стандартам Назарбаев Университет.

Уделяется огромное внимание созданию спортивной инфраструктуры в учебных заведениях страны.

Таким образом, государством создаются все необходимые условия  для   интеллектуального, нравственного и физического воспитания подрастающего поколения.

Однако главным условием того, чтобы  все эти усилия принесли ожидаемую отдачу является человеческий фактор. В нашем случае доброта, талант, интеллект, ответственность, профессионализм Учителя. Учителя с большой буквы.

Именно вам доверено воспитание патриота и гражданина независимого Казахстана. Поэтому от результатов вашего каждодневного труда  напрямую зависит  будущее нашей страны.

Сегодня  глубокое понимание высокой миссии педагога  является не только важнейшим приоритетом государства, но и становится  характерным для всех казахстанцев.

Высокий социальный статус, искреннее уважение общества позволит учительскому корпусу страны работать в атмосфере добра и взаимного уважения еще более активней и плодотворней.

…Парадоксально, но факт. В век глобализации мир становится более уязвимым, более хрупким. Ведь не секрет, что голый расчет, жесткий прагматизм, к сожалению, сопутствующие глобализации, нередко довлеют над духовно-нравственными ценностями. Надо ли говорить, как на таком фоне  учителю важно сеять разумное, доброе, вечное.

В этой связи как никогда сегодня актуальны следующие замечательные слова великого педагога  Константина Дмитриевича Ушинского:

“Учитель, стоящий в уровень с современным ходом воспитания, чувствует себя живым, деятельным членом великого организма, борющегося с невежеством и пороками человечества, посредником между всем, что было благородного и высокого в прошедшей истории людей, и поколением новым, хранителем святых заветов людей, боровшихся за истину и за благо. Он чувствует себя живым звеном между прошедшим и будущим, могучим ратоборцем истины и добра и сознает, что его дело, скромное по наружности,— одно из величайших дел истории”.   
У учителя независимого Казахстана сегодня еще более сложные задачи. Так как вы воспитываете нового гражданина нового государства, которое само  еще находится в процессе становления  и развития.

В этом стремительно меняющемся мире подлинному учителю каждый день необходимо учиться самому. Сегодня учителю как никогда трудно быть интересным  для ученика, который имеет неограниченный и мгновенный доступ к любой информации в мире. Поэтому любознательность, постоянный интерес ко всему  новому, прогрессивному, креативному  должны стать важнейшими чертами  современного педагога. И для  нас всех есть замечательный пример – это наш Президент, который находится в постоянном поиске, является  локомотивом модернизации страны.

В подтверждение  этого хочу рассказать вам про один конкретный случай. В 2009 году я был в составе делегации, возглавляемой Президентом, в Южной Корее. Как всегда визит Главы государства был весьма напряженным, и в конце визита у всех чувствовалась определенная усталость. Но утром вместо аэропорта Нурсултан Абишевич предложил поехать в Центр новых технологий, который находился  в 200-х километрах от Сеула. И там в течение полутора-двух часов весьма внимательно вместе с другими членами  делегации Президент  знакомился с достижениями в области сохранения энергии, телекоммуникаций, альтернативных и экологических источников энергии. Я вспомнил, что именно  такой технопарк год назад он посещал в Японии. Поэтому  спросил: « Вы же это уже видели, зачем Вам это снова?».

Ответ был таков: « Да, мне это не нужно. Я приехал ради молодых членов делегации, которым предстоит  внедрять эти новшества в Казахстане».

Думаю, что это был удивительный поступок подлинного учителя – наставника с большой буквы.

Верю, что каждый из вас и педагогический корпус Казахстана в целом руководствуется именно таким принципом. А если это так, то будущее страны в надежных руках.

Надеюсь, что сегодня у вас состоится откровенный заинтересованный обмен мнениями о состоянии и перспективах развития отечественного образования, о повышении качества воспитания нового поколения  казахстанцев.  Могу заверить, что эта сфера была и будет важнейшим приоритетом государства и нашего признанного Лидера Н.А.Назарбаева.

Құрметті ұстаздар!

Бүгінгі бас қосу Сіздердің алдарыңызда тұрған мерейлі міндеттер мен маңызды тапсырмаларды орындаудың сан алуан жолдарын көрсетіп қана қоймай, жауапкершілік биіктігін де жаңа деңгейге көтеру қажеттігін алға тартып отыр.

Сондықтан Тәуелсіздігіміздің мерей тойының әр күнін жақсы бастамалармен есте қалдыру үшін ұстаздар қауымы барынша үлес қосады деп сенеміз.

Еліміздің педагогикалық ұжымның бүгінгідей айтулы іс-шараға бір кісідей белсене қатысуы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  сындарлы да сұңғыла саясатына толық қолдау білдірудің жарқын көрінісі. Президентіміз жүргізіп келе жатқан ұлы істерге деген зор сенімнің айғағы.

Әрқашан сол сенім биігінен, ұстаздық ұлағаттылық биігінен көріне берулеріңізге тілектеспін.

Еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіз жеңісті болсын!

2011 жылғы 25 тамыз


Барлық cөйлеген сөздер мәтіндері
 
Басқа cөйлеген сөздер мәтіндері
Барлық cөйлеген сөздер мәтіндері