National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Елбасы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

2015 жылғы 12 ақпан

 

А.Лукашенко Ресей, Украина, Франция Президенттерінің және Германия Канцлерінің Минскіде «норманд форматында» өткізген келіссөздерінің қорытындылары туралы айтты.  

Қазақстан Президенті өзін хабардар еткені үшін алғыс білдірді және кездесудің жақсы ұйымдастырылуымен, сондай-ақ келіссөздердің табысты аяқталуымен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары барлық тараптың бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері Украинадағы дағдарысты реттеуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін білдірді.

Президенттер таяу арада біздің елімізде Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттері басшыларының кездесуін өткізу туралы уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Беларусь жағы бастамашы болды. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 12 қазан

Мемлекет басшысы «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

2026 жылғы 12 қазан

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

Жарлық

2026 жылғы 12 қазан

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің