Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев

1986 жылы 27 маусымда Түркістан облысы Кентау қаласында дүниеге келген.
2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы осы оқу орнында «Саясаттану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
2010-2012 жылдары – «Жастар Үні» жастар қоғамдық ұйымының төрағасы.
2012-2015 жылдары – Алматы қаласындағы №48 мектеп-лицейінде тарих пәнінің мұғалімі.
2012-2015 жылдары – Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Алматы қалалық филиалы қоғамдық бірлестігінің хатшысы.
2015-2016 жылдары – Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар жобалары және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы.
2016-2017 жылдары – Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.
2017-2018 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің директоры.
2019-2020 жылдары – Астана қаласы әкімінің кеңесшісі.
2020-2021 жылдары – «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы.
2021-2023 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі.
2023-2026 жылдары – ҚР Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы Фракциясының жетекшісі, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
2026 жылғы 8 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен және мерекелік медальдармен марапатталған.
Отбасылы, төрт баланың әкесі.