National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады

2026 жылғы 22 ақпан

Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудты Корольдіктің негізі қаланған күнмен құттықтады.

Президент Сауд Арабиясын еліміздің ислам әлемі мен Таяу Шығыс өңіріндегі басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагерінің қызметтеріне толағай табыстар, ал сауд халқына баянды өркендеу, құт-береке тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің