Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі нәтижелері баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа терроризммен, экстремизммен, есірткі бизнесімен және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес аясындағы қолға алынған шаралар жөнінде есеп берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ кибер және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органы қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.