National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Заңдар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

2024 жылғы 25 наурыз

Заң халықаралық іскерлік операцияларда және осыған қатысты мәмілелерде трансферттік баға белгілеу ісін жетілдіруге бағытталған.

Заңда нарық бағасын айқындау тетіктері қайта қаралып, тауар биржаларындағы трансферттік баға белгілеу мәселесіне бақылау енгізілді. Сондай-ақ мәмілеге қатысушы тараптарды өзара байланысты деп тану критерийлері кеңейтілді және өзара байланысты резидент емес тұлғалармен мәмілелерге қатысушылар үшін жергілікті есептілікті ұсыну міндеттемесі енгізілді.

Аталған түзетулер мен толықтырулар нарықтағы әділ бағаны айқындау және мемлекеттік бюджетке түсетін қаржының жоғалып кетуіне жол бермеу үшін жасалып отыр. Сонымен қатар Заң трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша бақылау жүргізу кезінде тексеруші органдар мен салық төлеушілердің әкімшілік шығындарын азайтуды көздейді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 05 маусым

Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің