National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті Бернд Ульбрихтты қабылдады

2026 жылғы 30 қыркүйек

Германия, Мюнхен қаласы

 

Мемлекет басшысының Германиядағы ресми сапарының екінші күні Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті Бернд Ульбрихтпен кездесуден басталды.

Президенттің айтуынша, Siemens – еліміздің аса маңызды серіктесі. Өйткені компания қызметіндегі өнеркәсіпті цифрландыру, электрлендіру, ұтқырлық пен интеллектуалды инфрақұрылым сияқты негізгі бағыттар Қазақстанның жаңғыру басымдықтарына сай келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бернд Ульбрихтке экономиканың нақты секторларындағы цифрлық трансформация бойынша қолға алынған жүйелі шаралар туралы айтты. Осы орайда, Мемлекет басшысы Siemens пен қазақстандық Silk Road Electronics компанияларының Qarmet металлургия комбинаты құрал-жабдықтарын жаңғырту жөніндегі бірлескен жобасына қолдау білдірді.

Президент Қазақстанның озық құрал-жабдықтарды сатып алуға ғана емес, өндірістік, инженерлік және сервистік орталықтарды құруға да қызығушылық танытатынын мәлімдеді. Атап айтқанда, Siemens компаниясының құзыреттері мен технологиялық инновациялары еліміздің энергетикалық және коммуналдық секторларын жаңғыртуда, сондай-ақ қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жасау сапасын арттыруда пайдалы болар еді.

Кездесуде Siemens Healthineers компаниясымен медициналық технология саласындағы ықпалдастықты кеңейтудің әлеуеті мол екеніне назар аударылды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің