National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бельгиялықтардың Королі мен Патшайымы қазақ халқының ат баптау дәстүрімен танысты

2026 жылғы 13 қазан

Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда сапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы шетел басшылары елімізге сыйға тартқан асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады.

Король мен Патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің