National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі - Президент) құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.

Әкімшіліктің  миссиясы Президенттің қызметін  ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.

Әкімшіліктің негізгі міндеттері:

1) Президенттің мына салалардағы:

  • сыртқы саясаты;
  • әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттарындағы;
  • қорғаныс қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі;
  • құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі;
  • кадр саясаты;
  • Қазақстан Республикасы Парламентіне қатысты (бұдан әрі -Парламент);
  • Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі -Үкімет) және орталық атқарушы органдарға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне қатысты;
  • соттар мен судьяларға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты;
  • жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында;
  • өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының  (бұдан әрі - Мемлекеттік хатшы), Қазақстан халқы Ассамблеясының және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

3)  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын  өзге де міндеттер болып табылады.

Жүктеу: «Әкімшілік туралы ереже»

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «2021 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №,840 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 қазандағы №.722 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2021-2023 жылдар-ға арналған бюджеттік бағдарламалары (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалар) осы бұйрыққа 1 – 4-қосымшаларға сәйкес қайта бекітілсін.

  2. «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2021-2023 жылдар-ға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2021 жылғы 9 маусымдағы № 21-42-3.3.1 бұйрығының күші жойылсын.

  3. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынба-сары – бас бухгалтер Е.К.Арпабаев бюджеттік бағдарламалардың орындалуы үшін жауапты болып белгіленсін.

  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасы

Президенті Кеңсесінің бастығы                                                                                   Н.Онжанов

 

 

Бұйрыққа №1 қосымшаны мына жерден қараңыз

Бұйрыққа №2 қосымшаны мына жерден қараңыз

Бұйрыққа №3 қосымшаны мына жерден қараңыз

Бұйрыққа №4 қосымшаны мына жерден қараңыз


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 07 желтоқсан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады

2021 жылғы 08 желтоқсан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады

Жарлық

2021 жылғы 24 қараша

Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды