National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

2017 жылғы 25 мамыр

Жиында Қазақстан азаматтығын беру мәселелері қаралды.

Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін елімізге таяу және алыс шетелдерден келген түрлі этностың 640 өкілі Қазақстан азаматы атанады.

Мемлекеттік хатшы тәуелсіздік алған сәттен бері Қазақстан азаматы болуға ниет білдірген адамдар санының жылдан жылға көбейіп келе жатқанын атап өтті. Осы кезең ішінде еліміздің халықаралық беделі өсті. Бұл – Қазақстан Президентінің басшылығымен қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың, этносаралық келісімнің, орнықты дамудың жемісі.

Мемлекеттік хатшы Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында еліміздің азаматтары жаңа қазақстандықтарды ерекше ықыласпен қарсы алатынын айтып, оларға бақытты өмір және Қазақстанның игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.  

Гүлшара Әбдіқалықова олардың Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары болып, егемен еліміздің одан әрі дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 06 қазан

Мемлекет басшысы «Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

2026 жылғы 12 қазан

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

Жарлық

2026 жылғы 12 қазан

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің