Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі
Ренат Құрметжанұлы АЙТАЕВ

1976 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Шығыс Қазақстан техникалық университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-экономист, заңгер.
Еңбек жолын 1998 жылы Өскемен қаласында «Демал-Шығыс» ЖШС-да экономика және қаржы директоры болып бастады.
1999-2000 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Статистика басқармасының бас маманы.
2000-2003 жылдары – Мемлекеттік кірістер министрлігінің, Қаржы министрлігінің маманы, бас маманы, бөлім бастығы.
2003-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің басқарма бастығы.
2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директорының міндетін атқарушы, директоры.
2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің департамент директоры.
2010-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.
2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары.
2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі.
2022-2026 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы.
2026 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Құрылтайы Аппаратының Басшысы.
Мемлекет басшысының 2026 жылы 11 қарашадағы Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.