National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Халық қаһарманы Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

2026 жылғы 04 тамыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс және еңбек ардагері, Халық қаһарманы Иван Гапичтің дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айтты.

– Иван Степанович майданға өз еркімен аттанып, байланысшы ретінде соғыстың соңына дейін қатысты. Елге оралған соң ұзақ жылдар бойы прокуратура органдарында мінсіз қызмет атқарды. Адамгершілік қағидаттарынан айнымайтын әрі өз ісінің нағыз маманы ретінде ол әріптестері мен көпшілік арасында зор абыройға ие болып, құрметке бөленді. Иван Степанович ғұмыр жолында жасампаз патриотизмнің, антқа адалдықтың және әділдік құндылықтарын берік ұстанудың жоғары үлгісін көрсетті. Оның жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады, – деп жазылған жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің