National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы TikTok компаниясының бас директоры Шоу Чумен кездесті

2023 жылғы 12 қазан

Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық форумы аясында TikTok компаниясының бас директоры Шоу Чумен кездесу өткізді.

Президент елімізде TikTok платформасының танымалдылығы артып келе жатқанын атап өтті. Қазір оған 10 миллионнан астам қазақстандық тіркелген. Бейнеконтент жасауға және қарауға арналған әлемге танымал сервис алғашқылардың бірі болып қосымша интерфейсін қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша уәкілін тағайындады.

Өз кезегінде Шоу Чу Astana Hub халықаралық технопаркімен бірлесіп, TikTok StartUp Academy жобасын – қазақстандық стартаптарға арналған эксклюзивті білім беру бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны туралы баяндады. Бұдан бөлек, серіктестік аясында TikTok Startup Valley байқауы өткізілді. Нәтижесінде 200-ден астам стартап өз өнімдерін TikTok арқылы жарнамалау  әдістерін үйрету курсынан өтті.

Кездесу барысында креативті индустрия саласындағы ынтымақтастық, жасанды интеллект бойынша зерттеу жүргізу, электронды сауданы дамыту, сондай-ақ TikTok платформасы арқылы Қазақстанның мәдениеті мен туристік мүмкіндіктерін жаһандық деңгейде насихаттау мәселелері қарастырылды.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 12 қазан

Мемлекет басшысы «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

2026 жылғы 12 қазан

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

Жарлық

2026 жылғы 12 қазан

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің