Қадірлі ағайын!
Жарты жылға созылған қоғамдық талқылаулардың нәтижесінде дайындалған жаңа Конституция бүгін ақпарат құралдарында жарияланды.
Әр өңір мен түрлі сала өкілдерінен құралған Конституциялық комиссия ашық форматта жұмыс істеп, әр отырысты тікелей эфирде өткізіп, әр бапты, әр тармақты, әр норманы жан-жақты қарап, азаматтардан келіп түскен ұсыныс-пікірлерді саралады.
Өткен жылдың қазан айынан бері e-Otinish және e-Gov платформалары арқылы Конституциялық реформаға қатысты азаматтардан 2 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті.
Ал соның негізінде әзірленіп, көпшілікке ұсынылған жаңа Конституция жобасына қатысты жұртшылық қосымша 10 мыңнан астам ұсыныс-пікір жолдады.
Сондықтан, жаңа Конституцияны халықтық Конституция деп айтуымызға толық негіз бар.
Бұрын-соңды мұндай маңызды құжаттар осындай ашық әрі кең форматта талқыланып, әзірленген емес.
Құрметті достар!
Жаңа Ата Заң – мемлекеттілігі орныққан, халықаралық кеңістіктегі беделі қалыптасқан, өзінің тарихи тамырын айқындаған Қазақстанның Конституциясы.
Жаңа Конституция 11 бөлімнен және 96 баптан тұрады.
Оның әр бөлімінде жаңашылдықтар көп.
БІРІНШІДЕН, Жаңа Конституцияда – ең алдымен адамдардың мүддесі, құқықтары мен бостандықтары бірінші орында тұр.
Қолданыстағы Конституция негізінен мемлекет мүддесі мен өкілеттігін қамтыған болса, жаңа Конституция ел дамуының адами өлшемін енгізді.
Сол үшін адам құқықтары негізгі басымдық ретінде айқындалды. Адамдардың құқықтарын кеңейтетін жаңа нормалар бекітілді.
Жаңа Конституцияның «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» деп аталатын ІІ-бөлімі тұтастай осы бағытқа арналған.
Бұдан былай, мемлекеттің стратегиялық дамуының негізі ретінде табиғи қазбалар, басқа да байлықтар емес, ең алдымен адами капитал – олардың білімі, қабілеті, еңбегі белгіленді.
Жаңа Ата Заңда «адам» деген сөз қазіргі Конституциямен салыстырғанда 2 есе көп қолданылған. Яғни, Жаңа Конституцияда 79 рет аталған.
Яғни, қарапайым адамдардың мүддесіне бағытталғанын көрсетеді. Себебі, мемлекеттің басты қазынасы да, тірегі де – оның азаматтары. Бұл жаңа Конституцияда нақты айқындалды.
Сондықтан, бұл – азаматтарға үміт беретін Конституция.
ЕКІНШІДЕН, бұл Конституция мемлекеттіліктің негіздерін одан әрі бекемдей түсуге бағытталған.
Тәуелсіздік, Егемендік, Аумақтық тұтастық қағидаттары әртүрлі бапта әр қырынан қамтылған.
Еліміздің аумақтық тұтастығына ешқашан қол сұғылмайды және ол ешқашан өзгермейді. Жаңа Конституцияда мұндай әрекеттерге қазір де, болашақта да берік тосқауыл қойылған.
Жаңа Ата Заңның «Конституциялық құрылыс негіздері» деп аталатын І-бөлімінің 3-бабында Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы ең бірінші қағидаты болып, «Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау» деп тікелей және анық жазылған.
Яғни, Егемендік пен Тәуелсіздікті дамыту немесе нығайту деп емес, қорғау деп анық, нақты көрсетілген.
Бұл Мемлекет басшысының кең таралған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген сөзімен толық үндеседі.
Сондықтан, бұл – елге қорған болатын Конституция.
ҮШІНШІДЕН, Бұл – ұлттық бірегейлігі айқын Конституция.
Қазіргі қолданыстағы Конституцияда мемлекеттің болмысы мен сипаты айқын емес. Елдің тарихы мен болашақтағы ұмтылысы анық көрініс таппаған.
Ал жаңа Конституцияда ұлттың сипаты мен болмысы, өткен тарихи тамыры айқын жарияланған.
Преамбуладағы «Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтап» деген сөйлем – осының айғағы.
Сондықтан, бұл Ата Заң – азаматтарға нақты құқықтық кепілдіктер ұсынатын құжат қана емес, сонымен қатар, әр азаматқа оқыған сайын рух беретін Конституция.
ТӨРТІНШІДЕН, Қазіргі қолданыстағы Конституция 1995 жылы Кеңестік кезеңнен енді шыққан кездегі терминологиялық аппаратпен, сол дәуірдің лексикасымен, сол уақыттың риторикасымен жазылса, ал жаңа Ата Заң – білім мен ғылымға басымдық беретін, жаңа технология мен инновацияға иек артатын Қазақстанның Конституциясы.
Және жаңа Ата Заң басынан бастап тұңғыш рет қазақ тілінде – мемлекеттік тілде әзірленді.
Конституцияда мемлекеттік тіл – қазақ тілі екені нақты жазылған, айқын бекітілген.
Осылайша, жаңа Ата Заңның «Конституциялық құрылыс негіздері» деп аталатын І-бөлімінің 9-бабының барлық тармақтары енді бір нақты логикаға келтірілген.
Яғни, бізде мемлекеттік тіл – біреу, жалғыз. Ол – қазақ тілі. Басқа мемлекеттік тіл жоқ.
1995 жылы қабылданған Ата Заңды 12 адамнан тұратын топ жазған. Оның 3-і – сырттан келген сарапшы болатын.
Олар өз саласының мықты маманы болған шығар. Бірақ, біздің елдің тарихын, мәдениетін, болмысын қаншалықты жетік білді, ол жағын кесіп айта алмаймыз.
Ал жаңа Конституцияны әзірлеу үшін сырттан ешкім шақырылған жоқ. Бұл – өз азаматтарымыз, бүкіл ел болып талқылаған, әзірлеген Конституция.
Яғни, мемлекеттік, елдік, ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған Конституция.
Сондықтан, бұл – барша халыққа сенім беретін Конституция.
В-ПЯТЫХ, впервые в Конституции делается отдельный акцент на образование и науку, инновации, культуру и искусство.
В преамбуле новой Конституции и статье 3 Первого Раздела «Основы конституционного строя» эти направления впервые определены как стратегические приоритеты государства и ключевые ценности, ведущие страну к прогрессу.
Это принципиально важный поворот в государственной политике.
Впервые на уровне Основного закона Казахстан одним из первых в мире закрепляет норму о защите персональных данных в цифровом пространстве. Это новое измерение в защите прав человека.
Определяя такие стратегические приоритеты, Казахстан ясно обозначает стремление стать в будущем страной образованных, опирающихся на достижения науки и инновации граждан, а также нацеленной войти в число технологически развитых государств мира.
Поэтому это Конституция, которая даст новый импульс развитию страны.
В-ШЕСТЫХ, Новая Конституция утверждает полный отказ от основ прежней политической системы и обеспечивает переход к совершенно новой, современной политической модели.
Введение однопалатного парламента, института вице-президента, учреждение Народного совета, установление однократного срока полномочий для многих высших должностных лиц и другие политические инновации окончательно закрепляют переход страны к принципиально новой современной и динамичной политической модели.
Поэтому это Конституция, которая задает новый вектор развития страны.
Ардақты ағайын!
Қазіргі қолданыстағы Конституция Тәуелсіздік алған кезде – яғни, қысыл-таяң шақта, етек-жеңімізді енді жинап жатқан қиын кезде қабылданды.
Ешкім де қазіргі қолданыстағы Конституцияның елдің дамуына қосқан үлесін жоққа шығармайды.
Керісінше, қазіргі Ата Заң осы күнге дейінгі жетістіктердің барлығына негіз болды. Еліміздің дамуына, өркендеуіне үлкен серпін берді.
Алайда, әлем дамуында жаңа цикл басталды. Әлем геосаясат, геоэкономика, жаңа технология ықпалы тұрғысынан жаңа дәуірге, жаңа тарихи кезеңге қадам басып жатыр.
Сол себепті, әрбір елдің саяси жүйесі алдағы жаңа сынақтарға, жаңа өзгерістерге өздігінше бейімделуде. Ең алдымен, өздерінің негізгі құрылымдарын, соның ішінде Конституцияларын да алдағы жаңашылдықтарға икемдеуде.
Сондықтан, Қазақстанда басталған үдерістер бүгін болмаса ертең, басқа елдерде де жалғасын табады. Қазірдің өзінде кейбір елдерде конституциялық өзгерістер жайы талқылануда.
Қалай болғанда да, жаңа Конституция еліміздің тарихи дамуында жаңа парақты, жаңа кезеңді, жаңа дәуірді ашатын болады.
Кез келген істің басталуы ниетке байланысты. Ал, біздің ниетіміз – түзу. Оның өзегінде елдің де, қарапайым ел азаматтарының да мүддесі жатыр.
Сондықтан, ниет оң болса, қолға алған әрбір іс берекелі болады.
Еліміздің жаңа қадамы оң болсын, берекесі мол болсын!
Назарларыңызға рақмет!